379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иван Дычко BoxRec рейтингінде 16 сатыға жоғарылады

  • 92
  • UPD: 23:18, 11.05.2019
Иван Дычко BoxRec рейтингінде 16 сатыға жоғарылады Neonomad.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко мансабындағы сегізінші жеңісінен соң BoxRec рейтингінде көтерілді. 

Иван Дычко Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino кешенінде Рэй Остинмен қолғап түйістіріп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Бұл жеңісінен соң қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде 16 сатыға көтеріліп, 77-орынға тұрақтады. Ал оның қарсыласы Рэй Остин 99-сатыға төмендеді. 

Айта кетейік, Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы сегіз жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Хабар 24 телеарнасы