384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Стив Роллсты жеңгеннен кейін Головкин қанша табыс тапты?

  • 379
  • UPD: 11:50, 11.06.2019
Стив Роллсты жеңгеннен кейін Головкин қанша табыс тапты? Sports.kz

ESPN журналисі Дэн Рафаэль орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) 8 маусымда өткен канадалық боксшы Стив Роллспен (19-1, 10 КО) айқасы үшін қанша табыс тапқанын айтты, деп жазады Sports.kz.

GGG 2 миллион ғана алуы тиіс еді, алайда қазақстандықтың жалпы табысы 15 млн долларды құрап отыр. Бұған қарамастан Роллс 300 мың доллар көлемінде қаржы алды.

Еске салайық, жекпе-жек Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтті. Онда Головкин төртінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңді.

Ақпарат көзі: Қазақпарат

Хабар 24 телеарнасы