378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің паралимпиадашылары Әлем кубогінде жүзуден 9 алтын медаль жеңіп алды

  • 87
  • UPD: 16:08, 13.06.2019

Қазақстандық паралимпиадашылар Берлинде жүзуден өткен әлем кубогінде 9 алтын еншіледі.

Үш күн бойы өткен жарыста спортшыларымыз керемет нәтиже көрсетіп, 39 жүлдені  қоржынға салды. Оның ішінде алтынмен қатар, 18 күміс және  12 қола жүлде бар.  Жалпы жарысқа  әлемнің 65 елінен келген 2700 адам қатысты.  Еліміздің  намысын 15 паралимпиадашы қорғады. Олардың арасында атақты Зульфия Габидуллина бар. Ол  Берлинде Азия рекордын жаңартты.

Саттар Бейсембаев, ҚР Еңбек сіңірген бапкері:

- Азиялық үш рекорд орнаттық. Көбісі жеке көрсеткіштерін жақсарты. Әлемнің ең мықты жүзушілері қатысатындықтан, бұл жарыстың біз үшін  маңызы зор. Мұнда бәсеке күшті. Қазіргі кезде 12 спортшымыз «А» нормативін орындады. Сәйкесінше биыл қыркүйекте Лондонда өтетің әлем біріншілігіне тиесілі лицензияны иелендік.

Хабар 24 телеарнасы