386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан премьер-лигасында бас жүлдеге талас қызды

  • 354
  • UPD: 12:43, 22.07.2019
Қазақстан премьер-лигасында бас жүлдеге талас қызды

Қазақстан премьер-лигасында бас жүлдеге талас қыза түсті. 19-турдың шымылдығын «Шахтер» мен «Оқжетпес» ашып, 1:0 есебімен Қарағанды командасы жеңіске жетті.

Дәл осындай есеппен «Ақтөбе» «Қайсардан» айласын асырды. Топ бастаған «Тобыл» басты қарсыласы «Қайратты» қабылдап, қолда тұрған жеңісті жіберіп алды. Алматылықтар екі доп айырмасымен ұтылып жатып, 5:3 есебімен басым түсті. «Тараз» «Жетісу»қақпасына жауапсыз екі доп соқты. «Атырау» жүлдеден дәмелі «Ордабасыны» жеңді. Есеп:1:0. 19-турдан кейін 39 ұпаймен «Тобыл» топ басында қалды. Бір ұпайы кем «Астана» екінші тұр. Олардың қатарына «Қайрат» та жақындады. «Ордабасы» мен «Қайсар» жүлдеден алыстап барады. Алтыншы орынға «Шахтер» көтерілді. Сосын «Жетісу», «Оқжетпес» «Атырау» келеді. «Ертіс», «Тараз», «Ақтөбе» турнир кестесінің төменгі қатарында қалды.

«Тур де Франс» көпкүндігі шешуші кезеңге жақындады. Тау жолдарынан тұратын 15-кезеңде «Астана» командасы белсенділік танытып, Якоб Фульсангтың жалпы есептегі көрсеткішін жақсартуға үлес қосты. Қалың топтан ұзап шыққандар қатарында Алексей Луценко, Пельо Бильбао және Омар Фраиле болды. Қазақстандық команданың велоспортшылары Фульсангке қолдау көрсетіп, даниялық велошабандоздың шабуылға шығуына жағдай жасады. Алайда өзге спортшылар қашқындарды қуып жетті. Якоб Фульсанг мәреге 14-болып келді. 185 шақырымдық сайыста Ұлыбританиялық Саймон Йейтс жеңіске жетті. Француз Тибо Пино мен испан жігіті Микель Ланда жүлделі орындарды өзара бөлісті. Жалпы есепте француз Жулиан Алафилипп «сары жейдені» сақтап қалды. «Астана» капитаны Якоб Фульсанг жалпы есепте көшбасшыдан бес минут ұтылып, 9-орынға жайғасты.

Хабар 24 телеарнасы