387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Реалдың» жаңа жұлдызы екі ойынға қатыса алмайды

  • 354
«Реалдың» жаңа жұлдызы екі ойынға қатыса алмайды

«Реал» жартылай қорғаушысы алдағы екі ойынға қатыса алмайтын болды, деп жазады Prosports.kz испаниялық басылымдарға сілтеме жасап.

Хавбек 24 тамыз күні Вальядолидпен және 1 қыркүйекте «Вильярреалмен» өтетін ойындарда алаңға шықпайды.

Азар санынан жарақат алып, Испания чемпионатының бірінші турын жанкүйер ретінде тамашалаған болатын.

Еске сала кетейік, «Реал» алғашқы турда «Сельтаны» 3:1 есебімен жеңді. Эден Азар «Реалға» «Челсиден» осы жазда ауысып барды. Футболшының трансферлік құны 163 миллион еуроны құрады.

Хабар 24 телеарнасы