386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнайды

  • 145
«Астана» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнайды elorda.info

Елордалық «Астана» клубы Еуропа лигасының топтық кезеңде бақ сынайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Астана» клубы Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде қос ойын қорытындысы бойынша БАТЭ-ны ұтып, топтық кезеңде бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, елордада өткен бірінші матчта «Астана» командасы БАТЭ клубын 3:0 есебімен ұтты.

Ал Борисов қаласындағы ойында алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Максим Скавыч 6-минутта алғашқы голды салды. Бірінші таймда осы есеп сақталып қалынды. Екінші таймда алма-кезек шабуылмен жалғасты. Елордалық команда қорғана жүріп, қарымта шабуылға иек артты. Алайда БАТЭ клубының жартылай қорғаушысы Евгений Яблонский 85-минутта екінші голды соғып кетті. Одан кейін алаң қожайындары қанша жанталасқанымен таблодағы есеп өзгермеді.

Қос ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебімен басым түскен «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңде бақ сынайды.

Хабар 24 телеарнасы