389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Юлия Путинцева әлемнің 1-ракеткасымен кездеседі

  • 209
Юлия Путинцева әлемнің 1-ракеткасымен кездеседі Prosports.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева China Open турнирінің 1/16 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің 1/32 финалында жерлесіміз ресейлік Анна Блинковамен кездесті. 1 сағат 9 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте - 6:0, 6:1 есебімен ұтты.

Келесі айналымда Путинцева әлемнің 1-ракеткасы, австралиялық Эшли Бартимен сынға түседі.

Хабар 24 телеарнасы