384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2019 жылы ең көп гонорар алған 10 боксшының тізімі жарияланды

  • 248
  • UPD: 15:05, 19.11.2019
2019 жылы ең көп гонорар алған 10 боксшының тізімі жарияланды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқаны үшін 15 миллион доллар табыс тапты, деп жазды Prosports.kz.

Vringe порталының мәліметінше, PPV сатылымын есепке алғанда GGG дәл 15 миллион пайда тапқан. Сауль Альварес екі жекпе-жегінде де қарсыластарынан екі есе көп табысқа кенелген. Бұл кездесулер Дэниел Джейкобс пен Сергей Ковалевке қарсы өткен болатын.

Ал Энтони Джошуа 2019 жылы ең мол гонорар алған боксшы атанды. Ол Энди Руиспен өткен реваншта 85 миллион доллар тапқан. 

2019 жылы ең көп гонорар алған топ-10 боксшы:

  1. 85 миллион $ - Энтони Джошуа Энди Руиспен өткен реваншта.
  2. 75 миллион $ әрқайсысы - KSI мен Логан Пол өздерінің екінші кездесуінде 150 миллион доллар тапты (бұны өзара теңдей бөліседі).
  3. 36 миллион $ - Сауль Альварес Дэниел Джейкобспен жекпе-жекте.
  4. 35 миллион $ - Сауль Альварес Сергей Ковалевпен жекпе-жекте.
  5. 25 миллион $ - Энтони Джошуа Энди Руиспен бірінші жекпе-жекте.
  6. 15 миллион $ - Геннадий Головкин Сергей Деревянченкомен жекпе-жекте.
  7. 13 миллион $ - Энди Руис Энтони Джошуамен екінші жекпе-жекте.
  8. 11 миллион $ - Тайсон Фьюри Том Шварцпен жекпе-жекте.
  9. 10 миллион $ - Деонтей Уайлдер Доминик Бризилмен жекпе-жекте.
  10. 10 миллион $ - Дэниел Джейкобс Сауль Альвареспен жекпе-жекте.
Хабар 24 телеарнасы