431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: «Барыс» «Амурдан» жеңіліп қалды

  • 538
  • UPD: 20:19, 24.11.2019
ҚХЛ: «Барыс» «Амурдан» жеңіліп қалды

Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі ойында «Барыс» алғашқы минуттан тізгінді қолға алуға тырысты. Қарсыластар қақпасы маңында бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде 13-минутта Аркадий Шестаков есеп ашты. Екінші кезеңнің 35-минутында Павел Акользин есепті ұлғайта түсті.

Десе де бұдан кейін ресейлік клуб хоккейшілері таразы басын теңестіруге мүмкіндік алды. Олардың сапынан 37 және 51-минуттарда Томаш Закорна қос голдың авторы атанды.

Осылайша ойынның негізгі кезеңі 2:2 есебімен тең аяқталып, кездесу овертаймға ұласты. Овертаймда Игорь Руденков жеңіс шайбасын соғып кетті. Ресейлік клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Екі команда бұған дейін биыл екі мәрте кездесіп үлгерді. Оның екеуінде де елордалық хоккейшілер басым түскен болатын.

Хабар 24 телеарнасы