Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Киокушинкай-каратэден әлем чемпионатында 5 спортшымыз финалға шықты

  • 206
  • UPD: 19:42, 08.12.2019
Киокушинкай-каратэден әлем чемпионатында 5 спортшымыз финалға шықты

Елордадағы Жекпе-жек сарайында Kyokushin World Union (KWU) ұйымы аясында киокушинкай-каратэден IV Әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Доданың алғашқы күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті. Татами төрінде бақ сынаған 5 отандасымыз ақтық сынға жолдама алды. Ертең қыздар арасында Людмила Устюгова (50 кг дейін), Екатерина Гурова (60 кг дейін), Әсемгүл Сабырхан (70 кг дейін), ерлерден Еркебұлан Бейсембаев (70 кг дейін), Владимир Артюшин (85 кг дейін) финалда алтын жүлде жолында күш сынасады.

Сонымен қатар 10 спортшымыз қола жүлдегер атанды. Олар Иоанна Белых (55 кг), Елизавета Липова (60 кг), Эльнара Тоғызбаева (65 кг), Ажар Жақсыбаева, Лидия Бочина (70 кг жоғары), Темірлан Жәнібек (60 кг), Артур Коваленко, Нұрлыхан Сәдуақасов (75 кг), Мерей Сүйінов (90 кг), Никита Гарас (95 кг).

Айта кетейік, байрақты бәсекеге 50 мемлекеттен 300-ден аса спортшы келді.

Татами шеберлері 15 салмақ дәрежесі бойынша (ерлер 9 салмақ, әйелдер 6 салмақ) бақ сынап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы