432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тобыл» командасына жаңа бас бапкер келді

  • 514
  • UPD: 23:55, 14.12.2019
«Тобыл» командасына жаңа бас бапкер келді

Қостанайлық «Тобыл» клубы қазақстандық маман Григорий Бабаянмен келісім-шартқа отырды.

«Бүгін Қазақстанның ең үздік жаттықтырушысының бірі Григорий Бабаянмен келіссөз жүргіздік. Жанкүйерлер оны «Астанадағы» жұмысынан бері жақсы таниды. Ол тек Станимир Стоиловтың ғана емес, Мирослав Беранек, Олег Протасов пен Роман Григорчуктың көмекшісі болған. Ол Қазақстан футболын ішінен жақсы білетін санаулы мамандардың бірі. Бүгін келісім-шартқа қол қойдық. Сондықтан Григорий Бабаянды «Тобылдың» жаңа бас бапкері деп айтуға толық негіз бар», - деп мәлімдеме жасады қостанайлық клуб.

Айта кетейік, Григорий Бабаянның жаттықтыруымен «Астана» 2018 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңіп алған болатын.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы