415,57 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дмитрий Алексанин семсерлесуден әлем кубогі кезеңін сәтті бастады

  • 404
Дмитрий Алексанин семсерлесуден әлем кубогі кезеңін сәтті бастады

Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден әлем кубогі кезеңі басталды. Шпагашылар бәсекесінде қазақстандық спортшылар да сынға түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Дмитрий Алексанин мен Вадим Шарлаимов алғашқы айналымнан сүрінбей өтіп, үздік 64 спортшының қатарына енді. Олар жарысты әрі қарай жалғастырады. Ал Эльмир Алимжанов 98, Руслан Курбанов 122, Дмитрий Адайкин 267-орында қалды.

Әлем кубогі кезеңіне жалпы есебі 327 шпагашы қатысуда.

Хабар 24 телеарнасы