426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы коронавирус жұқтырды

  • 130
  • UPD: 10:55, 25.08.2020
Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы коронавирус жұқтырды mir-la.com

Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы Усэйн Болт коронавирус жұқтырғанын растады.

Twitter-парақшасында коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест оң нәтиже көрсеткенен хабарлады.

– Сенбі күні тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Мен бұған жауапкершілікпен қараймын. Үйде қалып, ешкіммен байланыс жасамауға тырысып жүрмін.

Коронавирус еш симптомсыз өтіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің протоколы бойынша ем-дом алуды жоспарлап отырмын, - деп жазды спортшы.

Бұған дейін жақында ғана «Барселонаға» ауысқан Миралем Пьянич коронавирус жұқтырғанын жазғанбыз.

Хабар 24 телеарнасы