420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси «Манчестер Ситимен» 700 млн еуроға келісімді мақұлдады

  • 161
  • UPD: 10:08, 02.09.2020
Месси «Манчестер Ситимен» 700 млн еуроға келісімді мақұлдады footballhd.kz

Каталонияның «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси ағылшынның «Манчестер Ситиімен» жеке келісімінің шарттарын мақұлдады, деп хабарлайды Daily Record.

Мәлімет бойынша, екі тарап 700 миллион еуроға бес жылдық келісімді мақұлдады. Мессиге төлем ретінде «Манчестер Ситиге» қарасты City Football Group компаниясынан үлес ұсынылды.

Дегенмен бұл компанияны бағалау бойынша қиындықтар бар, сондықтан аргентиналық қолма-қол ақшаны таңдауы да мүмкін.

Месси «Барселонадан» кетіп, маусымға дайындықты каталондық команда сапында өткізгісі келмейді. Ал клубтағылар аргентиналық футболшы райынан қайтып, командаға қайта қосылады деген үмітте.

Хабар 24 телеарнасы