421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Forbes: Месси – 2020 жылы ең көп табыс тапқан футболшы

  • 137
Forbes: Месси – 2020 жылы ең көп табыс тапқан футболшы Sportbox

«Forbes» басылымы Лионель Мессиді 2020 жылы ең көп табыс тапқан футболшы деп таныды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Барселона» шабуылшысына 126 млн доллар төленген. Екінші орынға 117 млн кіріспен «Ювентус» ойыншысы Криштиану Роналду жайғасты. Ең ауқатты аяқдопшылардың үздік үштігін ПСЖ клубының футболшысы Нэймар түйіндейді. Оның дәулеті осы маусымда 96 млн долларға артқан. Өзге де спорт жаңалықтары келесі топтамада.

«Барыс» ЦСКА-дан жеңіліп қалды

Барыс өз алаңында ЦСКА-дан жеңіліп қалды. Ойын сүреңсіз басталғанымен, екінші кезеңде алаң иелері Никита Михайлистың шайбасынан кейін суырылып алға шықты. Кездесу соңына таман қонақтар шабуылшы Александр Поповтың күшімен ойынды овертаймға ауыстыра алды. Бұл жолы Константин Окулов қарым-қабілетін көрсете алды. ЦСКА 11 ұйпаймен батыс конференцияда көш басында. «Барыс» 7 ұпаймен 6 орынға жайғасты. Юрий Михайлистің шәкірттері жұмада Ригалық «Динамоға» қарсы ойнайды.

Italian Open-де қазақстандық теннисшілер өнер көрсетіп жатыр

Александр Бублик Италияда өтіп жатқан ашық чемпионаттың екінші кезеңіне өте алмады. Қазақстандық теннисші хорват спортшысы Мааарин Чиличге есе жіберді.

Бұған дейін айтулы додада Михаил Кукушкин мен Зарина Дияс де осалдық танытып еді. Italian Open-де әзірге тек Елена Рыбакинаның ғана бағы жанып тұр. Ол Ресейдің бірінші ракеткасы Екатерина Александрованы жеңді. Ал бүгін Юлия Путинцева өнер көрсетеді.

Fia Л.Хэмилтонға қатысты тергеуді бастады

Автокөлік федерациясы Формула-1-дің мүшесі британиялық Льюис Хэмилтонға қатысты тексерісті бастады. Өткен демалыс күндері ол Тоскан Гран-приін жеңіп алды. Алайда автобәйгеге Тейлорды өлтірген полиция қызметкерлерін ұстауға шақырған футболка киіп шыққан. Көпшілік Гамильтонның қылығын ерсі көріп, шектен шықты деп санайды. Британдыққа осы үшін де айыппұл салынуы мүмкін. «Мерседес» өзінің жүргізушісін қорғап әлек. Адам құқығына қорғауға қоғам назарын аударуға тырысамыз деп хабарлады команданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы