«Барыс» және Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Даррен Диц екінші жыл қатарынан елдің үздік хоккейшісі ретінде танылды, деп хабарлады prosports.kz.
«Қазақстанның үздік хоккейшісі» байқауының директораты кеш болса да, 2019/2020 жылғы маусым лауреаты анықталатын дәстүрлі референдумның қорытындысын шығарды.
Маусымның үздік хоккейшісін анықтайтын тілшілер референдумында Канаданың (Мэдисин-Хэт) 27 жастағы тумасы Даррен Дитц екінші жыл қатарынан жеңіске жетті. Спортшы өткен жылы Қазақстан азаматтығын алды.
Сұрау қорытындысы бойынша сегіз шолушы қорғаушыны бірінші орынға қойса, жетеуі екінші орынға және тағы біреуі үшінші орынға қойған.