422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Локомотив» «Барыс» қақпасына жеті гол соқты

  • 89
  • UPD: 09:39, 11.11.2020
«Локомотив» «Барыс» қақпасына жеті гол соқты Sports.kz

«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында сырт айдында «Локомотивпен» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойын 7:2 есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілді.

«Барыс» бұған дейін Ярославль қаласына 10 рет қонаққа барып, барлығында жеңілген. Сол сәтсіз серия тағы жалғасты. Елордалықтар бұл жолы ірі есеппен ұтылды.

Осылайша «Барыстың» үш матчқа жалғасқан жеңісті сериясына нүкте қойылды. 

Осы жеңістен кейін «Локомотив» 23 матчта 36 ұпай жинап, Батыс конференциясында 3-орынға жайғасты.

Ал «Барыс» Шығыс конференциясында 7-орында қала береді. Елордалықтар 20 ойында 22 ұпай ғана жинаған.

«Локомотив» (Ресей) – «Барыс» (Қазақстан) – 7:2 (3:1, 3:0, 1:1)

1:0 Охтамаа 0:11

2:0 Аверин (Алексеев) 4:04

2:1 Сведберг (Вароне, Фрэттин) 14:42

3:1 Петерссон 18:00

4:1 Петерссон (Марченко, Алексеев) 31:14 ГБ

5:1 Алексеев (Аверин, Кудрявцев) 32:43

6:1 Коршков (Охтамаа) 33:49

7:1 Ткачёв (Рафиков) 44:53

7:2 Хетерингтон (Мусоров) 52:26

Қақпашылар: Паскуале – Карлссон (00:00-33:49), Ортио.

Хабар 24 телеарнасы