«Челси» «Барселонаның» капитаны Лионель Мессиге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы prosports.kz хабарлады.
Биыл Месси каталондық командадан кетуге талпыныс жасаған. Алайда клуб басшылығымен болған арадағы түсініспеушілік шешіліп, Месси командада қалды.
Бүгінге «Челси» Мессиге қызығушылық танытып отырғаны белгілі. Лондондық команда қаңтар айында футболшымен келіссөзді бастауға әзір.