Футзалдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы маусымды УЕФА рейтингінде төртінші орынмен аяқтады, деп хабарлады Olympic.kz.
Жыл қорытындысы бойынша Испания құрамасы УЕФА рейтингінде көш бастаған. Екінші орынға Португалия жайғасса, үшінші орынға Ресей құрамасы тұрақтаған. Қазақстан құрамасы Ресейден бір ұпай айырмашылығымен төртінші орыннан көрінді.
Футбол командаларының УЕФА рейтингіндегі орындары:
- Испания – 2209,692 ұпай;
- Португалия – 2116,631;
- Ресей – 2098,095;
- Қазақстан – 2097,180;
- Сербия – 2007,570;
- Әзербайжан – 1990,738;
- Хорватия – 1943,614;
- Италия – 1928,482;
- Украина – 1896,725;
- Чехия – 1887,535.