378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Астанада каратэден әлем чемпионаты өтеді

  • 215
  • UPD: 15:38, 17.03.2019

Елімізде шығыс жекпе-жегімен айналысатын мамандарды дайындауға жете мән беріледі.

Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының бірінші конгресінде ұйым басшысы Кәрім Мәсімов осылай деп мәлімдеді. Шара барысында төрт меморандумдарға қол қойылды. «Бұл өз кезегінде саланы дамытуға негіз болады», – дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ жекпе-жек түрлерінен арнайы қойылымдар көрсетілді.  Ұйым төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: каратэ, күрес, ММА және аралас жекпе жек түрлері. Бүгінде ассоциацияға 200 мыңнан астам спортшы кіреді.

Естеріңізге салайық, Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығы өткен жылы құрылған. Оның құрамына олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 20 федерация кіреді.

Кәрім Мәсімов, Қазақстандық жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті:

- Ассоциация жауынгерлік өнердің құндылықтарын түсіндіріп, бұқаралық спортты дамытуға атсалысады. Спорттағы  кадрларды даярлауға өз септігін тигізеді. Ұйым Қазақстанда жауынгерлік өнерді дамытатын орталық органға айналады. Бүгінде еліміз бойынша ұйымның өкілдіктері жұмыс істейді. Олар жергілікті жерлерде жауынгерлік өнердің дамуына ықпал етуде. Бүгінгі күні күшті бір жерге жұмылдыру өз жемісін беруде. Сондай-ақ биылғы жылдың желтоқсанында киокушинкай каратэнің КВЮ нұсқасы бойынша Астанада әлем чемпионатын өткізу туралы ұсынысты қабылдадық.

Телеканал Хабар 24