377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Ауа райы болжамы: Екі облыста ескерту жарияланды

  • 362
  • UPD: 17:36, 11.02.2019
Ауа райы болжамы: Екі облыста ескерту жарияланды

Синоптиктер 12-13 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс, шығыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететінін, жел екпіні 23 м/с болатынын болжады.

14 ақпанда облыстың кей жерлерінде солтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95 %. Сондай-ақ 12 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сол күні Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95 %.

Телеканал Хабар 24