377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақтөбе бойынша қатынайтын автобустың кейбірінде ғана пандус бар

  • 172
  • UPD: 09:26, 27.03.2019

Ақтөбеде қоғамдық көлік мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналмаған. Шаһарда жүретін автобустардың тек 8-інде ғана арнайы пандус бар.

Олардың өзі тек бір бағытта ғана қозғалады. Ал, арбаға таңылған азаматтардың автобусқа отыруы үшін бірнеше адамның көмегіне жүгінуіне тура келеді. Сондықтан мүгедек жандар арнайы жабдықталған такси қызметін бірнеше сағаттап күтуге мәжбүр.

 Шахан Жолдасбаев, қала тұрғыны:

- Өткен жылы сатып алынған 70 автобустың мобильді пандусының алынып тасталғаны өкінішті. 2-3 ай ғана қызықтап үлгердік. Тасымалдаушы мекеме жолдың сапасына шағымданып отыр. Аялдамаға келіп, пандусты түсіруге жол жиегіндегі тастар кедергі дейді. О бастан ақ бұл мәселені реттеуге болар еді.

Телеканал Хабар 24