424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зейнетақы қорындағы қаржыны алу үшін жинақтағы сома қанша болуы керек?

  • 1157
  • UPD: 17:10, 02.09.2020

Келер жылы отандастарымыз зейнетақы қорындағы ақшасының бір бөлігін баспана алуға, емделуге, оқу ақысын төлеуге жарата алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны реттейтін құқықтық құжат жыл соңына дейін дайындалуы тиіс. Бұл туралы Президент өз жолдауында айтқан болатын. Қаржыны алу үшін жинақтағы сома қанша болу керек?

Талғатбек Әбдіқожадан білейік.

- Зейнетақы қорындағы жинақтың шекті сомасына өзгеріс енгізілді. Енді 63 жастағы қазақстандықтың жинағы 8 миллион 200 мың емес, 5 миллион 800 мың болуы тиіс. Ал қырық жастағы азамат зейнетақы қорына 3,5 миллион теңге жинаса жетіп жатыр. Бұл туралы экономист Олжас Құдайбергенов өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.

Әзірге шекті соманы жинаған азаматтарға қаржының қанша проценті берілетіні туралы нақты шешім жарияланған жоқ. Экономист Олжас Құдайбергенов шекті соманың артығын 100% беру керек деген пікірді қолдайды. Егер бұл шешім қабылданса, Президент айтқан 700 мың адам зейнетақы қорынан жалпы сомасы бір триллион 700 миллиард теңге алады. Қаржыны банктегі ипотекалық несиені төлеуге, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы баспана сатып алуға немесе алғашқы жарна ретінде пайдалануға, сонымен қатар емдеу ақысына жарата алады. Сарапшының айтуынша, егер салымшының өз үйі бар болса, зейнетақы қорындағы қаржыны туысына баспана алып беру мақсатында жарата алатындай механизмдер де қосылуы мүмкін. Қалай болғанда, «бұл бастама тұрғын үй және зейнетақы жүйесіндегі тиімді интеграция» деп санайды. 

***

Елімізде алты айда 37,3 млн тонна мұнай экспортталды

Биыл 7 айда Қазақстанда 44 маиллион тонна мұнай өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ке кем. Осылайша, мемлекет ОПЕК+ ұйымының қара алтын құнын тұрақтандыру мақсатындағы міндетін орындады. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша еліміз жалпы сомасы 15,1 миллиард АҚШ долларына 37,3 миллион тонна мұнай экспорттады. Оның 99%-і Италия, Нидерланд және Үндістан сынды бірқатар елге сатылды. Ал, ТМД елдеріне 232 мың тоннадайы жеткізілген. Айта кету керек, биыл мұнай экспортының көлемі 7,7%-ке артты. Десе де, қара алтын құнының төмен болуына байланысты табыс былтырмен салыстырғанда 8,5%-ке кем. Үкімет алдағы жылдары мұнай өндірісін арттыруды жоспарлап отыр. Мәселен 2021 жылы өндірісті 86 миллион тонна, 2022 жылы 89,5 миллион, ал 2023 жылы 100 миллионға жеткізу туралы болжам жасады. Үкімет алдағы үш жылда мұнай баррелінің орташа бағасын 35 АҚШ доллары шамасында болады деп есептеген.

***

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті 

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейіне тағы 2400 теңге қосылды. Осылайша, тамыз айында сомасы 36077 теңге деп белгіленді. Жалпы жыл басынан бергі өсім 21,5%-ті көрсетті. Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, төменгі күнкөріс азаматтардың жасы мен жынысына қарай әртүрлі белгіленді. Мәселен, кәмелеттік жасқа толған ер адам үшін ең төменгі күнкөріс 42 мыңнан сәл асады. Әйелдер үшін 33519 теңге. Ал. зейнеткерлер мен қарттар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 33 мың теңгеден сәл асады. Өңірлер бойынша талдасақ. Қазақстанда күнкөріс деңгейі ең жоғарғы аймақ – Маңғыстау облысы. Үштікке елорда мен Алматы кіреді. Жамбыл, Павлодар және Батыс Қазақстан облысы күн көріс деңгейі ең төмен өңірлердің тізімінде.

***

Елімізде көлік қымбаттауы мүмкін

Жыл соңына дейін елде жаңа автокөліктің құны 10%-ке қымбаттауы мүмкін. Сәйкесінше, қолданылған, яғни екінші нарықтағы темір тұлпардың да бағасы өседі. Қазақстанның Тәуелсіз автомобиль одағының басшысы Эдуард Эдаков осындай болжам жасады. Оның айтуынша, көліктің бірнеше маркасы елде құрастырыады. Бірақ бөлшектері шет елден әкелінеді. Яғни, сауда халықаралық валютамен жасалады. Сондықтан доллар құны көтерілген сайын автокөліктің өзіндік құны да артады. Ал екінші нарыққа келсек, шет елден әкелінетін көліктен алынатын төлем тым жоғары. Утилизациялық төлем 2 миллион теңгеден асып жығылады. Сондықтан сырт елден көлік тасу тиімсіз. Осыған байлансыты ішкі нарықтағы темір тұлпарға деген сұранысты ұсыныс қанағаттандыра алмайды. Тиісінше, оның да құны шамамен 7%-ке көтеріледі.

***

Бүгін нарықтағы баға айдарында қой етінің құнына шолу жасаймыз.

Қазақстан бойынша қой еті ең арзан өңір – Ақмола облысы. Көкшетау қаласында келісі 1800 теңгеден саудаланады. Ал, Алматыда 200 теңге қымбат. Павлодар дүкендерінде қой еті 2200 ден сатылады. Қостанайда баға осындай. Ал, атыраулықтар қой етінің келісі үшін 2300 төлейді. Елорда базарларында да қой еті 2300 ден саудаланады

***

Қазақстан қор биржасында АҚШ-тың бір доллары 419 теңге 24 тиынға тең. Ал еуро саудаланбаған.  Ресей рублі 5 теңге 7 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы