375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан-ЕАЭО тауар айналымы 17 млрд доллардан асты

  • 427
  • UPD: 18:38, 08.02.2019
Қазақстан-ЕАЭО тауар айналымы 17 млрд доллардан асты

Қазақстанның осы Еуразиялық Экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы былтырғы 11 айда 6,2 процентке өсіп, 17 млрд доллардан асты.

Экспорт 10 процентке ұлғайып, 5 млрд 300 млн долларға жуықтаған. Импорттың үлесі шамамен 12 млрд доллар. Жыл орайында одақ елдерінен тартылған инвестиция да көбірек. Дәлірек айтсақ, өткен жылдың 3 тоқсанында 31%-ке артып, 1 млрд 2 млн долларға дейін ұлғайған. Ал бірлескен кәсіпорындар саны 70 процентке көбейіп, 10 мыңға жетті.

Хабар 24 телеарнасы