377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде мал азығы дақылдарының алқаптары артады

  • 94
Елімізде мал азығы дақылдарының алқаптары артады

Оңтүстікте көктемгі егіс жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі таңда аймақта 488 мың гектар жерге дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, көкөніс және картоп өнімдері егілді. Батыс пен шығыста егіс жұмыстары айдың аяғында басталады. Ал астықты солтүстік өңірлерде егіс науқаны мамырдың ортасына жоспарланып отыр. Биыл Республика бойынша 22 млн гектар алқап ауылшаруашылық өнімдері үлесінде болады. Оның 15 млн гектарға жуық бөлігі дәнді-дақылдар, 2,7 млн гектар майлы дақылдар, 460 мың гектардан астамы көкөністер мен картоп шаруашылығына тиесілі. Биыл шаруалар мал азығы дақылдарының алқаптарын көбейтуді көздеп отыр. Бүгінгі таңда Қазақстанда өсімдік шаруашылығымен айналысатын 145 мың қожалық дамуда. Егістікке керекті техника 93% дайын. Көктемгі егіс жұмыстарына қажетті 380 мың тонна дизель отынының, 109 мың тоннасы жөнелтілген. Дизельді отынның бір литрінің бағасы – 176 теңге. Биыл егін егу мен орақ науқанына бюджеттен 60 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы министрлігі жиналған өнімді өткізуде қиындық болмайды деп сендірді. Себебі Қазақстаннан тұрақты түрде егін импорттайтын елдер бар. Олар – Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және Әзербайжан мемлекеттері. Жалпы республика әлемнің 70 еліне астықты экспорттайды.

Сағынтай Жұмажанов, ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндеу департаментінің сарапшысы:

– Кейінгі уақытта Қытайға сататын астықтың көлемі көбейіп жатыр. Өткен жылы Қытайға 500 млн тонна астық артық кетті. Бұдан басқа Түркия, Италия, Испания, Грузия тағы басқа мемлекеттер шығып жатыр. Жаңадан алған нарыққа Вьетнамды жатқызуға болады. Өткен жылы Вьетнамға 40 мың тонна астық кетті.

Хабар 24 телеарнасы