369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

НАСА фотокамерасы зымыран жалынынан өртеніп кетті

  • 301
  • UPD: 08:43, 26.05.2018
НАСА фотокамерасы зымыран жалынынан өртеніп кетті

NASA үшін фотосурет түсіретін Билл Ингаллс камерасыз қалды.

Дәлірек айтсақ, оқиға таяудағы «Falcon 9» зымыранын ұшыру кезінде болды. Ұшу аппараты Калифорниядағы «Ванденберг» базасынан әуеге көтеріле бастаған кезде оның «құйрығынан» от шашырап, сол жерден 402 метр қашықтықта оқиғаны түсіріп тұрған фотокамераны шарпып өткен. Салдарынан Canon DSLR аппараты өртенді.

Ең қызығы, жапондық камера өрттен жойылып бара жатса да суретке түсіре берген екен. Сондай-ақ Американ ғарыш агенттігі үшін жұмыс істеп жүрген фотограф маман үшін бұл алғашқы оқиға. Себебі 1989 жылдан бері оның бір де бір аппаратына бұрын-соңды зиян келмеген.

Bill Ingalls твиттердегі парақшасы

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы