377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда зілзаладан көз жұмғандар саны 44 адамға жетті

  • 521
  • UPD: 12:47, 10.09.2018
Жапонияда зілзаладан көз жұмғандар саны 44 адамға жетті РИА Новости

Жапонияның Хоккайдо аралында зілзаладан қаза тапқандардың саны сәт сайын артып келеді.

Соңғы ақпарға сәйкес, табиғи апаттан 44 адам көз жұмды. Бұған дейін 37 адамның қаза тапқанын хабарлаған едік. Ел премьері Синдзо Абэ апаттан зардап шеккен аймаққа барды. Жер сілкінісінен Ацума елді мекені ең көп зардап шеккен. Апат орнында құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Оған шамамен 40 мың маман жұмылдырылды. Жергілікті билік ойран болған инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін ел бюджетінен 4,5 млн АҚШ долларын бөлді.

Хабар 24 телеарнасы