384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та әскери көлік аударылып, 1 адам қаза тапты

  • 101
АҚШ-та әскери көлік аударылып, 1 адам қаза тапты

АҚШ-тағы ең көне саналатын Уест – Поинт әскери академиясының аумағында ірі жол апаты болды.

Кадеттерді оқу-жаттығу алаңына апара жатқан жолда әскери көлік аударылып, 1 адам қаза тапты. Тағы 20-сы түрлі жарақат алды. Қайтыс болған курсанттың есімі жарияланбады. Әзірге жол апатына не себеп болғаны белгісіз. Бұл жағдай туралы естіген АҚШ Президенті Дональд Трамп твиттер арқылы мерт болған кадеттің туған-туысына қайғырып көңіл айтты.

Хабар 24 телеарнасы