429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


NASA ғалымдары ғарыш суретін музыкаға айналдырды

  • 136

NASA ультрадыбысты қолдану арқылы астрономиялық суреттерді аудиоға айналдыратын жаңа жобаны қолға алды.

NASA ерекше музыкалық жобаны көпшілік назарына ұсынды. Ол үшін ғалымдар бірқатар орталықтың суреттерін зерттеген, деп жазады MusicTech.

NASA мамандары астрономдардың телескоптағы цифрлық мәліметтерді суретке ауыстыру әдісін қолданған.

Ғаламның орталығының суреті рентген сәулелерін қолдану, яғни көрінетін және инфрақызыл жарықтар арқылы жасалған.

Ал қажетті мәліметтерді Чандра ғарыштық рентген обсерваториясы мен Хаббл және Спитцер телескоптары жинаған екен. Бұл құрылғылар әртүрлі сигналдарды жазғандықтан, олардың әрқайсысына бөлек-бөлек музыкалық аспаптар қолданылған.

Хабар 24 телеарнасы