425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Александр Лукашенко президенттік лауазымнан қандай жағдайда бас тартатынын айтты

  • 191
  • UPD: 13:50, 14.11.2020

Александр Лукашенко мемлекет басшысы лауазымынан қандай жағдайда кететінін айтты.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан, Ресей, Украина және Молдавия елдерінің БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

«Хабар» агенттігінің төрағасы Ерлан Бекхожин Александр Лукашенкодан президенттік лауазымнан қандай жағдайда бас тартуы мүмкін екенін сұрады.

«Кенеттен деген болмайды. Уақыты келгенде бұл лауазымнан кетемін. Бірақ кенеттен кету қауіпті», – деді Лукашенко.

Сондай-ақ ол әрі қарай қандай қадамдар жасалатынын алдағы жиында хабарлайтынын тілге тиек етті.

«Біз адамдарды тастап кетпейміз, ондай қадамға бармаймыз. Ешқайда қашатын ойым жоқ, қашпаймын да. Адамдарды сатып, тастап кете алмаймын», – дегенді қосты ол.

Ал Ерлан Бекхожиннің Беларусь, Грузия, АҚШ, Қырғызстан секілді елдердің барлығында өткен президенттік сайлаудың толқулар мен ереуілдер ұласуының себебі жайлы сауалына А.Лукашенко:

– Өзім де осы сауалға жауап іздеудемін. Беларусьте болып жатқан жағдайға байланысты ғана емес, мұның өзі ерекшеліктері бар. Ол жайлы өздеріңіз де білесіздер. Мен де сіздер сияқты айналамызда болып жатқан ауқымды процестерге алаңдаулымын. Біз бұған қарсы жоғары иммунитет қалыптастыруымыз керек, – деді.

 

Хабар 24 телеарнасы