Солтүстік Корея дыбыстан жылдам зымыран ұшырды

Солтүстік Корея алғаш рет "Хва-сон -8" деп аталатын жылдамдығы дыбыстан да асып түсетін зымыранды сынақтан өткізді.

Сынақ кеше елдің солтүстігіндегі Чаган-до провинциясындағы полигонда жүзеге асырылды. Оның барысында гипердыбыстық қарудың мүмкіндіктері және өзге де техникалық ерекшеліктері тексерілген. Бірақ зымыран қанша шақырымға дейін ұшырылғаны белгісіз. Ақпарға қарағанда, бұл гипер-дыбыстық қаруды осы елдің Әскери ғылым академиясы жасап шығарған. Ал осы Солтүстік Кореямен көршілес Жапония бұл сынақ аймақтағы қауіпсіздікке қатер деп, наразылығын білдірді.

Сондай-ақ...