443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді митингілерді ұйымдастыруда ескерту қағидаты енгізіледі

  • 547
  • UPD: 17:59, 25.12.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген мәселелер қоғамдық ойды дөп басып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев осындай пікір білдірді. Сарапшының айтуынша, тың бастамалар қоғамдық ұйымдар мен қарапайым азаматтардың елдің саяси өміріне етене араласуына мүмкіндік береді.

Данияр Әшімбаев, саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі:

– Бір жағынан азаматтарға митинг, шеру арқылы өз ойын еркін білдіруге мүмкіндік берген жөн. Екінші жағынан, оның барлығы белгілі бір құқықтық шеңбердің аясында өтуі тиіс. Оларды өткізетін арнайын орын бөлу қажет. Бірақ ол қаланың шетінде емес, орталығына жақын болса. Ал ең бастысы ондай іс-шаралар өзге адамдардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеу керек.

Енді митингілерді ұйымдастыруда ескерту қағидаты енгізілетін болады. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев митинг өткізу тек өз құқын білдіру емес, сондай-ақ жауапкершілік екенін де түсінген абзал», - деді.

Қайрат Жолдыбай, дінтанушы, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі:

– Кез келген бейбіт митинг егер өзінің үнін жоғарғы жаққа, билікке, тиісті орындарға жеткізіп жатса, бұл бүкіл демократиялық қоғамдарда қабылданған жақсы үрдіс. Бірақ бұл митингті басқа бір теріс бағытта, арандатушы бағытта қолдануға болмайды. Оған байланысты арнайы заң шеңберінде қарастырылады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы