379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың қары тазаланбаған кейбір жерге тұрғындар өзі жол салып алған

  • 212
  • UPD: 08:30, 21.01.2020

Елордада қыс басталғалы 2 миллион текше метрден аса қар шығарылды. Бірақ бас шаһардың коммуналдық қызметі өткен жұма күні жауған қарды әлі тазалап бітіре алмай жатыр. Мұны олар биыл ақ ұлпаның өткен жылдарға қарағанда көп түскендігімен байланстырады. Ал қала тұрғындары болса коммуналдық қызметтің әзірлігін әлі де күшейте түсу керек деп есептейді.

Батыр Ерсайынов  Елордада 5 жылдан бері тұрады. Ол биыл қардың көп жауғанын жоққа шығармайды. Бірақ бұл солтүстік аймақ. Сондықтан оның  табиғи құбылыс екенін айтады. Ал қарды уақытында тазалап, халыққа қолайлы жағдай жасау коммуналдық қызметтің жұмысы. Олардың қысқа дайындығы осындай кезде көрінеді, дейді.     

Батыр Ерсайынов, қала тұрғыны:

- Коммуналдық техникалар үлгермей жатыр тазалап. Көлік кептелісі қиындап кетті. Қараңыздаршы обочинаны дұрыс тазаламаған.  Кейбір көшелерде  2 поласа болатын жерде бір-ақ поласа. Машинаның асты тиіп ходовкама зақым келіп жатыр.  

Қардың дер кезінде шығарылмай жатқанына жалғыз Батыр ғана наразы емес. Әлеуметтік желіге жариялап жатқандар да баршылық.

Бүгін қар жауғалы 4 күн болды. Әлі тазаланған. Бұл ЭКСПО-ның маңы. Мынау жаяу жүргіншілердің жолы. Бұл жерден тұрғындар өздері жалғызаяқ жол салып алған. Әйтпесе көшеге шыға алмайды. 

Осы қыс басталғалы Айкөмек орталығының 109 қызметіне 17 мыңнан аса адам қоңырау шалған.Соның 3 жарым мыңы қар тазалауға қатысты  хабарласқан. Әкімдік өкілдерінің айтуынша қала аумағы жыл сайын ұлғайып келеді. Биылдың өзінде 24 көше қосылған. 

Медеу Ражанов, «Астана тазалық» серіктестгі бас директорының орынбасары:

- Біз бірінші қар түскен кезде негізгі көшелерді тазалап, аялдамаларды тазалап кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеміз. Қалған 3 күнде қарды тасу жұмыстарын бастаймыз. Жолдың бойына қойып кеткен көліктер кедергісін келтіреді. Онымен жұмыс істеп жатырмыз. 

Ал жеке секторлар мен көпқабатты тұрғын үй кешендерінің ауласындағы қарға жеке пәтер иелері жауапты. Олар қарды күреп жол жиегіне шығарып қоюы тиіс. Бүгінгі таңда Астана-тазалық серіктестігінен өзге тағы 100 ге жуық мердігер мекеме әкімдікпен келісім-шарт негізінде жұмыс істей алады. Сондай-ақ биыл бас қаланың коммуналдық қызметі 156 арнайы техникамен толыққан. 

Медеу Ражанов, «Астана тазалық» серіктестгі бас директорының орынбасары:

- Қазіргі таңда әлі де жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 1670 көлік тартылып отыр. Ал қар тазалайтын адамдар қосылып отырады. Қазір 1600-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр.  

Осы қыстың өзінде Елордадан 2 млн текше метрден аса қар шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 700 шаршы метрге көп. Қазірдің өзінде ақ ұлпа төгетін 2 полигон толып қалған.  Олардың 3 ауысымда күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқандығын да айта кетейік. Коммуналдық мекеме өкілдерінің айтуынша  қаланы толықтай қардан аршу үшін әлі 4-5  күн керек.

Хабар 24 телеарнасы