417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

20.02.2020: кеше Алматыда некелескендер саны күндегіден 84%-ға көп болды

  • 1061
  • UPD: 15:19, 21.02.2020
20.02.2020: кеше Алматыда некелескендер саны күндегіден 84%-ға көп болды

Кеше, 20 ақпанда Алматыда 150-ден астам неке қиылды.

Күнтізбе сандарының әдемі үйлесім тапқан күні неке қиғандардың арасында 65 жастан асқан қарт ерлі-зайыптылар да болды.

Ерлі-зайыптылар ажырасқандарына 30 жыл болғанда қайтадан үйленді, деп хабарлады Аlmaty.kz.

Кеше Алматы қаласының АХАЖ бөлімдері лық толды. Қаланың азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде 156 неке тіркелді. Бұл басқа күндермен салыстырғанда 84%-ға көп. Некелескендер – 18-ден 65 жас аралығындағы жұптар.

Нумерологтардың айтуынша, 20.02.2020 сандарын бір-біріне қосқанда шексіздіктің белгісі, яғни 8 саны шығады. Демек бұл күні қиылған неке берік әрі ұзақ болмақ.

Хабар 24 телеарнасы