378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте фастфуд дайындайтын дүңгіршек өртенді

  • 258
  • UPD: 18:18, 23.01.2019
Шымкентте фастфуд дайындайтын дүңгіршек өртенді

Шымкентте жылдам тамақ дайындайтын дүңгіршектен өрт шығып, маңындағы нысандарға қауіп туғызған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін күндізгі сағат 11:30 шамасында Рысқұлов көшесі бойындағы дүңгіршіктен өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. «Темір дүңгіршектің ішінде попкорн, гриль дайындайтын аппарат жанған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 27 адамы мен 5 техника жұмылдырылды. Жалын сағат 11:54-те толық сөндірілді. 50 литрлік газ және оттегі баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Өрттің көлемі 6 шаршы метрді құрады» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы