423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вьетнамда «Ноул» дауылынан бір адам мерт болды

  • 152
  • UPD: 18:34, 18.09.2020
Вьетнамда «Ноул» дауылынан бір адам мерт болды

Вьетнамда «Ноул» тропикалық дауылы ойран салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүлей желден ағаш құлап, астында қалған бір адам мерт болды. Тағы 20-дан астамы жарақат алған. Барлығы да елдің орталық бөлігіндегі Хюэ порвинциясының тұрғыны. Билік алдын ала қамданып, бір миллионнан аса тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Сондай-ақ кемелердің теңізге шығуына тыйым салды. 40 әуе сапары кейінге шегерілді. Дауылмен қоса қатты нөсер жауған. Сондықтан билік су тасқыны мен лай көшкіні қаупі барын айтады. Қазір «Ноул» көрші Лаосқа қарай бет алған. Осы ретте Лаоспен қатар Таиландта да дауылды ескерту жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы