431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 65 жастан асқан азаматтардың жүріп-тұруына тыйым салынды

  • 1106
  • UPD: 12:54, 02.07.2020
Елімізде 65 жастан асқан азаматтардың жүріп-тұруына тыйым салынды rg.ru

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.

Оның ішінде азаматтардың жүріп-тұруы бойынша нақты шектеу шаралары бекітілді.

Атап айтқанда:

  1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;
  2. Ашық ауада жаттығулар жасауға рұқсат ету;
  3. Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;
  4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізіледі

Қазақстанда жабық базарлар жабылады

Хабар 24 телеарнасы