376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Василий Левит Қазақстан чемпионатына қатыспайды

  • 650
Василий Левит Қазақстан чемпионатына қатыспайды Фото: vesti.kz

2017 жылғы Гамбургтегі бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Василий Левит қараша айында Шымкентте өтетін Қазақстан чемпионатына қатыспайды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

«Оған себептерім бар. Әлем чемпионатында екінші айқастан кейін қолымды сындырып алдым, сол жарақатты емдету керек. Қазіргі уақытта сауықтыру курстарынан өттім, таяуда толыққанды жаттығу жұмыстарына кірісемін», деді Левит. 

Айта кетейік, бұған дейін турнирге қатыспау ниетін алдымен қалпына келіп алғысы келетін Данияр Елеусінов те білдірген болатын. 

Хабар 24 телеарнасы