389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда мұнай өндіру көлемі күрт төмендеп кетті

  • 221
  • UPD: 15:53, 05.09.2019

Қазақстанда соңғы жылдары мұнай өндіру көлемі күрт төмендеп кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қара алтын астанасы Атырауда өткен мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі кеңесте осылай деді.

Президент шикізатты дұрыс пайдаланбаудың кесірінен қойнаудағы қазынаны құр сарқып жатқанымызды айтты. Айталық, қазір Қызылорда облысында мұнай өндіру көлемі жылына 200 мың тоннаға дейін төменген. Ал Ақтөбе өңірінде 300 мың тоннаға дейін азаюда. Сондықтан Президент ресурстарды ұтымды пайдаланудың жолын табуды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы