423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Трамп иммиграцияны уақытша тоқтатты

  • 293
  • UPD: 14:05, 23.04.2020
Трамп иммиграцияны уақытша тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп иммиграцияны 60 күнге тоқтату туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл қадам америкалық жұмыс орындарын сақтап қалу үшін жасалып отыр дейді Ақ үй басшысы. Яғни, бос орындарға бірінші кезекте америка азаматы қабылданатын болады. Ал медицина қызметкерлері мен коронавируске қарсы күресте көмегі тиетін мамандар үшін бұл шектеудің еш қатысы жоқ.  Айта кетейік, елде белең алған коронавирустың кесірінен жергілікті халық нәпақасынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы