429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында бұзақылар полицейді ұрып, көлігін тартып алған

  • 167
  • UPD: 21:44, 12.10.2020
Жамбыл облысында бұзақылар полицейді ұрып, көлігін тартып алған

Жамбыл облысында бұзақылар полицейді сабап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Шу қаласында болған. Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, кешкі сап түзеуден қайтып бара жатқан тәртіп сақшысы Қонаев көшесінің бойында жол үстіне тұрған адамдарды байқайды. Бірнеше мәрте дабыл белгісін басып, ескерту жасайды. Алайда, бұл мас күйдегі бір топ жігіттің наразылығын тудырған. Олар полицейдің өзін соққыға жығып астындағы қызметтік көлігін мініп кеткен. Күдіктілер жедел іздестіріліп, ұсталды. Олар 30 жас шамасындағы Шу қаласының тұрғындары болып шықты. Полицейдің қызметтік көлігі соғылған күйде табылды. Қазір келген шығын көлемі анықталып жатыр.

Мақсат Жаманқұлов, Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы:

- Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олардың ешқайсысы бұрын істі болмаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл әрекеті үшін олар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы