loader


БҚО-да маусымдық аурушаңдық деңгейі 15%-ке ұлғайды

Жедел распираторлы вирустық инфекциямен шамамен 500 адам, тұмаумен 50 адам, ал пневмониямен 45 адам ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың дені балалар мен жүкті әйелдер. Ай басынан бері 176 адам коронавирус жұқтырып алған. Мамандардың мәліметінше, маусымдық ауру-шаңдық білім беру мекемелерінде дендеп барады. Мәселен,141 мектепте 2500-ден астам адамнан, жедел распираторлы вирустық инфекция анықталған. Әзірге білім ошақтарында карантиндік шектеу шаралары енгізілмеді.

Мұхамғали Арыспаев, БҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Мектептерде маусымдық аурушаңдық деңгейі ұлғайғаны рас. Балалар көп ұзамай қысқы демалысқа шығады. Сондықтан білім мекемелерінде дәл қазір шектеу шараларын енгізудің қажеті жоқ.

Сондай-ақ...