Алматыда түнгі сағат 23:00 шамасында жер сілкінді.
Ошағы қаладан оңтүстік шығысқа қарай 261 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Тұрғындарға ол 2-3 бал болып сезілген. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ. Жағдай тұрақты дейді төтенше жағдайлар министрлігі.
