loader


Жетісу облысында 130 мың га астам жер қайтарылды

Жетісу облысында өткен жылы пайдаланылмай бос жатқан 130 мың гектардан астам жер қайтарылды.

Биыл тағы 220 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтеді. Облыс аумағында 850 мың гектар жердің бос жатқаны анықталды. Қайтарылған өрістер байқау арқылы шаруаларға беріледі. Өңір басшылығы алдағы уақытта ауыл тұрғындарының емін-еркін мал өсіруі үшін сол қайтарылған жерлерді ауылдық округтерге бекітіп беру туралы да тапсырма берді. Өйткені қазір жайылым тапшы. Ауыл тұрғындары колхоз, совхоздар тараған уақытта жайылым мен шабындықтың ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткенін айтады. Ескелді ауданының тұрғындары бұл тұрғыда комиссия құрылып, бір ғана шаруашылықтың еншісінде кеткен мыңдаған гектар жерді халыққа қайтарып беру керек деп отыр.

Алтай Батырбаев, ауыл тұрғыны:

- Біздің мына сұрайтынымыз, бізге бір дұрыс адал адамды жіберсінші. Келіп тексерсін. Ана колхозный кітап бар ғой бізде, первоначальный колхоз Кирова содан бастап көтерсін. Қай жер қайда кетті? Біз осыны талай айтып та жатырмыз.

Әлібек Жақанбаев, Жетісу облысы әкімінің орынбасары:

- Біз осы қайтарылған жерлерді елді-мекеннің бес километр радиусында ауылдық округтердің балансына берейік деп отырмыз.

Сондай-ақ...