Атырау облыстық оңалту орталығы жаңа жабдықтармен толықты. Өңірдегі ірі мұнай компанияларының бірі демеушілік танытып, жалпы сомасы 41 млн теңге болатын жабдықтарды сыйға тартты.
Жыл сайын 16 жастан асқан 1 және 2 топтағы 1000-ға жуық мүгедекке қызмет көрсететін орталықта қазір 55 адам ем қабылдап жатыр. Шынықтыру, қол тірегі, сондай-ақ ұсақ моториканы дамытуға арналған 9 медициналық аппаратпен толыққан орталық тұрғындарға коронавирустан кейінгі оңалту бағдарламаларын да ұсынады.
АЗАМАТ МӘМБЕТОВ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
- Осы оңалту орталығын алға қарай үлкен медициналық қосымша сипаттағы ауруларды емдеуге, ковидтен кейінгі ауырған адамдарға осындай оңалту бағдарламасын көрсетуге біздер жұмыстанып жатырмыз.
