loader


Теректі ауданындағы емхана апатты жағдайда тұр

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы емхана апатты жағдайда тұр.

Нысан жарты ғасыр бұрын салынған. Ал жаңа ғимарат құрылысына қаржы тапшы. Облыстық аурухана жанындағы мүрдехананың жағдайы да мәз емес. Сондай-ақ Кругло-озерный ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ғимараты апатты жағдайда деп танылған. Мұнда психикалық-неврологиялық ауруға шалдыққан науқастар ем-дом алады. Бірақ, тозығы жеткен орталықта сапалы қызмет көрсету мүмкін емес.

Ләззат Рысбекова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1953 жылы салынған. 1980 жылдары ашылған корпустары да бар. Қазір әбден ескірді. Жаңа ғимарат салу үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру қажет. Осы аталған әлеуметтік нысандардың құрылысына тиісті қаражаттың бөлінуіне бар күшімізді саламыз.

Сондай-ақ...