loader


СҚО-дағы шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны. LIVE

Елімізде бүгіннен бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталды. Барлық талапты орындаған темір тұлпар иелеріне Қазақстанның тіркеу құжаты мен мемлекеттік нөмір беріледі.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Солтүстік Қазақстан облысы Ресеймен шекарада орналасқан. Сол себепті бұл өңірде шетелден әкелген көліктер басқа аймақтарға қарағанда көбірек екені даусыз. Қазір қалада, әсіресе, осы Ресей мемлекетінің нөмірін таққан темір тұлпарлар жүйткіп жүргені жасырын емес. Қазір біз мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тұрмыз. Мұнда таң сәріден ағылып жатқан азаматтардың қарасы қалың. Айналасы 1 сағаттың ішінде 5 адам көліктеріне қазақстандық нөмір тақты. Сондай-ақ бұл жерде полиция қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр. Егер қандай да бір сұрақ туындаса, олар оны шешу үшін әкімшілік полиция комитетіне жолдайды. Жалпы бұл заңдастыру науқаны қалай жүруде? Ол туралы мамандардан сұхбат жазып алған едік. Экранға назар аударсақ.

Қайрат Сейітқұлов, СҚО ПД процессингтік орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы:

- Бірінші кезеңде ол Қазақстанға 1 қыркүйекке дейін келінгені. Сосын кедендік тазалықтан өтуі болуы керек. Содан кейін бұрынғы тіркелген орнынан шешілгені болуы керек. Екінші кезең криминалиске жіберіледі. Криминалист криминалдық истроиясын тексереді. Агригатын тексереді, шынақ, кузов, ВИН. Криминалистен өтсе, содан кейін үшінші кезеңге жіберіледі, халыққа қызмет көрсету орталығына келіп түседі.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Сөз соңында айта кетейн, аймақта 7 мыңнан астам көлік тіркеуге қойылады деген жоспар бар. Олардың 500-ден астамы Армения елінен әкелінген болса, қалғаны Ресейлік көліктер.

Сондай-ақ...