loader


Талдықорғанда «Жетісу жастары» жобасына құжат қабылдау басталды

Талдықорғанда «Жетісу жастары» бағдарламасына құжат қабылдана бастады. Жаңа жобаға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар қатыса алады.

Өтініш берген кезде олардың жасы 35-ке толмаған әрі тұрақты тіркеуде тұрғанына бір жыл болуы керек. Соңғы 5 жылда өз атына жылжымайтын мүлік тіркелмеген болуы шарт. Үміткер жаңадан салынған үйді алса бастапқы жарна төлемейді. Егер баспананы нарықтан сатып алса онда алғашқы жарнасы он процент болады.10 млн теңге «Отбасы банк» арқылы 5% 19 жылға беріледі. Бұл мақсатқа қазынадан алғашқы транш ретінде 400 млн теңге бөлінген.

Айта кетейік, қалада 10 млн теңгеге шамамен бір бөлмелі ғана үй келеді.

Айдос Жақыпбек, қалалық тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысы:  

- Қаңтардың 19-да бізде құжат қабылдау аяқталады. Одан кейін бізде төрт күн құжаттарды тексереміз. Жоғарғы бал алған адамдар алғашқы 40 адам  10 млн теңгеге дейін алуына болады. 10 млннан аса үй қараған болса розницасын өздері төлейді.

Сондай-ақ...