425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағанды облысында инклюзивті онлайн жоба іске қосылды

  • 263
Қарағанды облысында инклюзивті онлайн жоба іске қосылды

Қарағанды облысындағы бейнелеу өнері музейі балаларға арналған инклюзивті онлайн жобаны іске қосты.

Енді бейнелеу өнеріне қызығушылығы бар бүлдіршіндер үйден шықпастан ең үздік авторлардың картиналарын көре алады. Суреттерді сөйлетіп, ақпарат алуға мүмкіндік бар. Есту қабілеті төмен көрермендерге сурдо аударма да жасалған. Жаңа қалыптағы сурет ең алғаш Леонид Гамбургер есімді суретшінің туындысына енгізілген. Балалар суретшісінің туындыларын музейге бір кездері әйелі әкеліп тапсырған екен. Қазір жоба қарқын алып, жобаны жалғастыруға музей қызметкерлерінен бөлек қаладағы өзге мектеп оқушылары мен жастары да тартыла бастапты. Алдағы уақытта қазақ халқының эпостары мен ертегілерін сөйлету жоспары бар.

Айгүл Омарова, жоба авторы:

– Жалпы музей экспонаттарына қолмен тиісуге болмайды. Оны тираждап, көбейтуге де біздің құқығымыз жоқ. Ал кішкентай балаларға осындай керемет дүниені таныма сіңіру үшін не істей аламыз деген сауал келді. Реті келгенде қазіргі карантиннің де пайдасы тиіп, жаппай онлайн режимде жұмыс істеп отырғанда ойымызға осындай тамаша идея туды. Анимацияны мектеп оқушылары жасайды. Ал дыбыстауды осында жасаймыз. Сурдо аударманы мамандандырылған мектеп оқушылары жасайды.

Хабар 24 телеарнасы