384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан қаласында 9 маусым күні автобустар тегін қызмет көрсетеді

  • 172
  • UPD: 09:59, 28.05.2019
Нұр-Сұлтан қаласында 9 маусым күні автобустар тегін қызмет көрсетеді elorda.info

Нұр-Сұлтан қалаcының әкімдігі Президент сайлауы күні тегін жол жүруді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

9 маусым – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні елорданың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болады.

«Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді» акциясы аясында барлық қалалық және экспресс-маршруттарда тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылған.

Аталған акция қаладан тыс аумақтағы маршруттарға қолданылмайды.

Автобустар стандартты қозғалыс кестесі бойынша жүреді.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі күні бойы қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қарастырған.

Хабар 24 телеарнасы